Аталған видео Украина Online Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Еске салсақ, Украинаның қарулы күштері Ресей сарбаздарына қалай тұтқынға түсуге болатыны туралы арнайы нұсқаулық жариялаған болатын. Онда өз еркімен берілгісі келген кез келген Ресей сарбазы мынадай сөздерді айтуы керек делінген:
«Украина ешқашан Ресейге қауіп төндірген емес», «Бұл соғыста сендерде бізді жеңетіндей ешқандай мүмкіндік жоқ», «Сендерге тірі қалуға және үйлеріңе қайтуға мүмкіндік бар», «Арнайы әскери операцияға» қатысудан бас тарта аласыңдар», «Сендер УҚК-не тұтқынға түсе аласыңдар», «Біз Женева конвенциясының әскери тұтқындарға қатысты барлық талаптарын сақтай отырып, медициналық, заң жағынан көмек көрсетіп, тамақтандырып, туған-туысқандарыңмен хабарласуға жағдай жасаймыз», «Өз еркімен берілген барлық әскерилер ұрыста тұтқынға түскен адам болып саналады», «Таңдау өздеріңде!», – деп жазылған.