“Дау шешем”, деп дамбалын шешіп кететіндер көбейді". Түркістан халқы "Хан ием" деп әкімшілік алдында тізе бүгуге мәжбүр болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дау шешем”, деп дамбалын шешіп кететіндер көбейді". Түркістан халқы "Хан ием" деп әкімшілік алдында тізе бүгуге мәжбүр болды (ВИДЕО)

“Дау шешем”, деп дамбалын шешіп кететіндер көбейді". Түркістан халқы "Хан ием" деп әкімшілік алдында тізе бүгуге мәжбүр болды (ВИДЕО)

Көпшілік қауымның Түркістан облысы әкімшілігі алдында  "Хан ием" деп тізе бүгуге мәжбүр болған видео тарады. "Шопан Ата" қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев жиналғандарға әкім шығуы үшін тізе бүгіп, жалбарынуымыз керек деп кеңес берді.

  • 13 Қазан 2022
  • 394
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек өз ойын айтты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Белсенді болудың өзінде жауапкершілік бар!

Өзіңе сенген халықтың басын қателікке, заң бұзушылыққа итермелеу, белсенділік емес ол қылмыс!

Оңтүстікте қанша даудың басында жүрмін, бірақ халықты дәл осылай тәртіпсіздікке шақырмағам!

Азаматтық қоғам құрылу үшін бізге құқытық мәдениет керек!

Заңды білмеу, сені заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды!

Қайта өзіңе сенген халықтың басын бәлеге тігесің!

Басы бәлеге қалған халық, ертең өз ойын ашық айтудан қашатын болады.

“Дау шешем”, деп жүріп, халықтың дамбалын шешіп кететіндер көбейді қәзір оны мойындауымыз керек!

Ал келіп тұрған халыққа әкім шықпаса да, ең болмаса Әкімдіктің идеологиясымен айналысатын Калкаманов шығып сөйлессе болады ғой!


Бірақ Халықтың тілін білмейтін орынбасар орнынан кетпей, бұндай провакациялар бола береді.

Дархан Сатыбалды мырза!

Бүкіл ел игілігіне жасаған жұмысыңыз жоққа шықсын демесеңіз бірінші орында Қалқамановты қызметтен босатыңыз!", — деп жазды Айгүл Орынбек.