Алматы облысында 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі көз жұмды

Алматы облысында 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі көз жұмды

Алматы облысының Қарасай ауданында 14 жастағы 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі қайтыс болды.

  • 14 Қазан 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 13 қазанда сағат 14:30 шамасында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 14 жастағы жасөспірім мотоцикл техникасын басқара алмай, газ құбырына соқтығысқан. Оқиға орнында кәмелетке толмаған жүргізуші қаза тауып, оның сыныптасы ауруханаға жеткізілді", — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар