Қыздар алғашқы жыныстық қатынаста қиналмауы үшін, қыздық пердені отамен алдырады - массажист - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздар алғашқы жыныстық қатынаста қиналмауы үшін, қыздық  пердені отамен алдырады - массажист

Қыздар алғашқы жыныстық қатынаста қиналмауы үшін, қыздық пердені отамен алдырады - массажист

 

  • 18 Қазан 2022
  • 2538
Фото - Caravan.kz

Массажист Мунира Әтіретханқызы қыздардың пәктігінің қаншалықты маңызды екендігі жайлы талдап берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

"Пәктік пердесінің маңызы қаншалықты?
Алғашқы неке түні белгі көрмеген үшін әйелдің
пәктігі терістеліп, махаббатқа салқын түсіп оны ері
бетіне басатыны бұрыннан бар. Тіпті, ажырасып кеткендер бар.
«Қыздық перде» қыз бала бақытын адалдық пен
тәрбиесін, болашақ перзентінің тектілігін білдіреді
деген көзқарас сүйнгімізге сіңіп кеткен.
Ендеше ғылым мен медицина дамыған заманда
«қыздық» туралы не дейді екен?
Қыздық «перде» қынап жолын бөгеп тұрған үлбіреп
тұрған жұқа перде. Жетілген перде ортасында
қынаппен тұтасып, етеккірді өткізетін бірнеше ретсіз
саңылауы болады.
Ол тұйық тұтас перде емес, оның ролі арам нәрселердер қынапты қорғау.
Әсіресе, жастай аналық без жетіліп келе жатқанда,
аналық гормон аз болады. Сондықтан перде жұқа,
қатпары аз болады. Қышқылдығы төмен, қарсылық
қуаты аз болады екен. Оның қалыңдығы,
үлкен-кішілігі, серпімділігі түрлі болады. Оның
қалыпты қалыңдығы 0,2мм, диаметрі 1,5-не
дөңгелек, не сопақша, болмаса ара тісті формада,
тіпті доғалша болып бір жағына қисайып тұрады
Қыздар кішкентай күнінде байқаусызда түрлі
жарақат алып жатады. Мұндай кезде қыздық перде
жыртылып кетуі мүмкін. Физикалық күш, яғни
қыздардың атқа мінуі немесе гимнастика сияқты
спортпен айналысуы пердені икемді, созылмалы
етіп жіберуі мүмкін. Мұндай қыздарда алғашқы
қатынаста қан болмайды. Себебі перде созылмалы, яғни, ол жыртылған жоқ. 

Аплазия – қыздық перденің болмауы. Адам


кішігірім кемістікпен туылуы мүмкін. Сол сияқты
қыздық перденің болмауы да адамның
жаратылысынан. Осыған қарамастан ол қыз болып
есептеледі
Америкада қыздар алғашқы жыныстық
қатынаста қиналмауы үшін оған дейін пердені
хирургиялық жолмен алдыртады. Содан кейін ғана
қатынасқа емін-еркін түсе береді
Осылайша американдықтар даудамайдан бірден
құтылу жолын тапқан, ал сіз қалай ойлайсыз
олардікі дұрыс әлде бұрыс па?", деп жазды массажист. 

"Хурургиялық жолмен алдырғанша, күйеуіне алдырған жақсы ғой", Талай қыз осы үшін қатынасқа түспесе де, пәк емес деген атауға ие болды, жігіттің надандығы үшін", "Қыздық деген — ол тазалық. Керек нәрсе", деп жазды оқырмандар легі.