Желіде Самат есімді азаматтың елден жиналған қаржыны әрдайым мұқтаж жандарға беретіні көпшілікке мәлім. Бұл жолы дәріханада өзіне дәрі-дәрмек сатып алып тұрған Күләш Бәйсейітованың қызына сәйкес келді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
— Жасым 82-де. Күләш Бәйсейітованың қызымын. Маған Тоқаев сыйлыққа бір бөлмелі пәтер берді, дейді қуана Күләш Бәйсейітованың қызы Қарлығаш Бәйсейітова.
Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Астана арнасының "Біздің уақыт" бағдарламасына берген сұхбатында былай деген болатын:
— Бәрінен ұяламын. Алматыда бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұратыныма ұяламын. Ауру қызым бар. Оны да айтуға ұяламын, деген болатын Қарлығаш Бәйсейітова