Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі - Фарида Аманова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі - Фарида Аманова

Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі - Фарида Аманова

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында 2022 жылды «Ба­лалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қол­дау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма бер­ді.

  • 27 Қазан 2022
  • 274
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы: – Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте —  билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз ,– деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын.

Сонымен қатар, президент өскелең ұрпақтың мә­се­лесіне мән беру арқылы, ұлт тағ­дыры шешілетінін, ал оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізді.

Осы тұрғыда Caravan.kz порталының тілшісі Қармақшы ауданы,Төретам кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің директоры Аманова Фарида Уңдабайқызымен сұхбаттасты.

— Фарида апай, балалар жылы балаларға не берді?

— Бала — біздің болашағымыз. Балалардың еркін әрі сапалы білммен қамтамасыз етілуі біздің болашағымызды ойлағандығымыз.

2022 жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. «Балалар жылы» атануына орай биылғы жылы балалардың құқықтары мен бостандықтары, мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндігі, еркін елде өмір сүру керектігі айқындалғандай көрінді.

Балалар жылында балаға жан-жақты басым көңіл бөлу керектігі тағы да айқындала, ашықтала түсті. 

 
Суретте мектеп директоры Аманова Фарида Уңдабайқызы әріптестері Бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Жадиева мен Оқу ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаев Жасұлан Жұматайұлымен бірге
 

— Балалар жылындағы айтулы жаңалықтар жайында тоқталсаңыз?

— Балалар жылындағы айтулы мерекелер өте көп болды. Әр мерекенің балаға берері мол. Атап айтар болсам, Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл, Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл, Қазақтың соңғы ханы Кенесарының туғанына 220 жыл, Әсет Наймантайұлының 155 жылдығы, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл, Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл, Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, Шара Жиенқұлованың 110 жылдығы, Зейін Шашкиннің 110 жылдығы, Жұмағали Саинның 110 жылдығы, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы, Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл, Роза Бағланованың 100 жылдығы, Талғат Бигелдиновтің 100 жылдығы, Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығы, Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы, Дәуітәлі Стамбековтің туғанына 75 жыл, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл, Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне 30 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Осы аталған әрбір мерекені өткізерде, балаға қажетті ақпараттар жинақтап, тарихи тұлғалардың мемлекетіміз үшін қосқан үлестерін насихаттап отырамыз. Әр мерекені ерекше басымдықпен атап, маңызы зор тарихи мерекелердегі тарихи тұлғалардың қасиеттерін баланың бойына сіңірсек дейміз. Біздің тарихымызды жалғайтын ұрпақтың дарынды, дана, дара азаматтар мен азаматшалар болғанын қалаймыз. Сол дарынды ұрпаққа қызмет ету – әр ұстаздың міндеті мен парызы, ел алдындағы борышы деп баса айтқым келеді.


— Балалар жылында қандай жобалар негізінде жобалар жасадыңыздар?

— Балалар жылында түрлі жобалармен жұмыстар атқарып келеміз.

«Мейірімді жүрек» жобасы аясында мектеп ұжымы мен бірлескен әлеуметтік педагог Л.Бекешова мүмкіндігі шектеулі оқушыларға, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға концерттік бағдарлама өткізіп, оқушыларға көмектер жасап отыр.

«Денсаулық бұрышы» акциясы аясында оқушыларға түсіндірмелі, ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Аты айтып тұрғандай балалар денсаулығының маңыздылығы терең түсіндіріліп, жұмыстар өз жалғасын табу үстінде.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясын облыстық семинар практикум өткізіліп, жоғары деңгейде ұйымдастырылып жүргізілуде.

 «Театр» жобасы аясында оқушыларымыз сахналық қойылымдар мен тарихи оқиғаларды ұштастыра отырып, түрлі нәтижеге қол жеткізе білді.

 «Болашақ» өзін-өзі басқару фракциясының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Фракция мүшелері әрбір мерекеде өздерінің тұлға екендігін дәлелдеп келеді.

Жалпы, балалар жылы мектебімізге үлкен қуаныш сыйлап жоғары жетістіктерге жетіп, кей оқушыларымыздың шығармашылығы шыңдалып отыр. Бұл жыл тек бала үшін емес, біз үшін де үлкен жетістік. Аянбай еңбек етуді мемлекет басшысы шыңдай түсті деп айтар едім. 

— Сұхбатыңызға көп рахмет! Еңбектеріңіз жана берсін!