СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандардың 71% - 14 жасқа дейінгі балалар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандардың 71% - 14 жасқа дейінгі балалар

СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандардың 71% - 14 жасқа дейінгі балалар

Солтүстік Қазақстан облысында қазан айынан бастап 5 мыңға жуық адам жедел респираторлық вирусты инфекцияны жұқтырса, 19 адамға тұмау диагнозы қойылды.

  • 28 Қазан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде ЖРВИ-дің 4839 жағдайы тіркелді. Науқастардың 71 % — 14 жасқа дейінгі балалар.

«14 қазаннан бастап облыста тұмаумен ауырғандар анықталып жатыр. В типті тұмаудың зертханалық расталған 19 жағдайы тіркелді.

Қазіргі уақытта тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Ауырған жағдайда асқынбай, жеңіл өтеді», — дейді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

3 қазанда СҚО-да тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды.

«Тіркелген жері бойынша емханада қауіп тобына жататын адамдар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер, балалар үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар вакцинаны тегін салдыра алады.

А типті және В типті тұмаудан қорғайтын ресейлік үш валентті «Гриппол плюс» препараты салынады», — дейді Айнаш Сағандықова.


СҚО-да осы күнге дейін 47 639 адам егілді, оның ішінде 9186 оқушы, 8131 медицина қызметкері, 396 жүкті әйел, 1864 қызметкер бар.

«Тұмауға қарсы вакцина салдырудан бөлек қарапайым сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Яғни бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау — қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы да таралады. Сонымен қатар, иммунитетті барлық қол жетімді тәсілдермен көтеру қажет, оның ішінде жұмыс және демалыс режимін сақтау, жеткілікті ұйқы, микроэлементтер мен дәрумендердің, әсіресе «С» витаминінің, сарымсақ пен пияздың жеткілікті мөлшері бар дұрыс тамақтану», — дейді санитар дәрігер.

Перейти к новостям спорта