Анар — халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың лауреаты. Түрлі концерт, фестиваль, мастер-класстарда Құрманғазы атындағы ҚҰК негізгі және аралас хордың камералық құрамында өнер көрсетеді.
Шығармашылықпен белсенді айналысумен қатар, бойжеткен Николай Островский атындағы арнайы мектеп-интернатында дәріс береді. Ол педагог мамандығы өзінің шынайы әлеуетін ашуға көмектесетінін айтады. Бұл саланы одан әрі дамыту жоспарында бар.
— Менің құрдастарым мен болашақ жас ұрпақтың біздің ұлттық құндылыққа көбірек көңіл бөлгенін, ата-бабаларымыздың ұлы тарихын сақтап, көзінің қарашығындай қорғағанын қалаймын. Тек жас ұрпақ қана емес, барлық адам Қазақстанның бай табиғатына қамқорлық танытса, — дейді Анар Аралхан. — Егер өзгеруді әркім өзінен бастаса, онда әлем мейірлене түседі..
Жас қайраткер және педагог Анар Аралхан үшін шәкіртақы ынталандыру болып табылады. Стипендия байқауына ол төртінші курстан бастап дайындалған.
— Бұл шәкіртақы өзімді жақсы жағынан көрсету үшін бірқатар мүмкіндіктер берді. Мен барлық стипендиаттарға және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры тарихының ажырамас бір бөлігі болғысы келетіндерге сәттілік тілеймін, — деді Анар.