ALMATY POP UP STORE жәрмеңкесінде қазақстандық 60 үздік брендтің жұмысы көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ALMATY POP UP STORE жәрмеңкесінде қазақстандық 60 үздік брендтің жұмысы көрсетіледі

10-11 қыркүйекте Оңтүстік астанада Almaty Pop Up Store жәрмеңкесінің 23-ші маусымы өтеді. 9 жыл ішінде жергілікті дизайнерлердің жәрмеңкесі беделді брендке және Орталық Азиядағы жергілікті өндірушілердің ең ірі алаңына айналды. 
 
– Жергілікті өнімді жасайтын талантты адамдар; қала тұрғындары, бұл өнімді таңдаушылар және made in kz лейблді дизайнға әрдайым сенетін біздің шағын команда, яғни бәріміз үлкен жұмыс істедік, - дейді Almaty Pop Up Store ұйымдастырушыларының бірі Мәдина Аман
 
Осы маусымда 60 үздік бренд Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін дизайн-маркетте туындыларын ұсынады. 
 
Айта кетейік, Қор грант және байқау бағдарламалары аясында ғана емес, сонымен қатар, осындай іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу арқылы да қолдау көрсетеді. Ұйым жастарды шығармашылық әріптестікке, талантын танытуға, нетворкингке, креативті кәсіпкерлердің аудиториясымен өзара сәтті іс-қимыл жасауға бағытталған идеялар мен бастамаларды тыңдауға әзір. 
 
Сізді 10-11 қыркүйекте Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдігі ғимараты мен жақын маңдағы саябақта (Ганди көшесі, 10) күтеміз.

  • 2 Қыркүйек 2022
  • 1
Фото - Caravan.kz

10-11 қыркүйекте Оңтүстік астанада Almaty Pop Up Store жәрмеңкесінің 23-ші маусымы өтеді. 9 жыл ішінде жергілікті дизайнерлердің жәрмеңкесі беделді брендке және Орталық Азиядағы жергілікті өндірушілердің ең ірі алаңына айналды. 

– Жергілікті өнімді жасайтын талантты адамдар; қала тұрғындары, бұл өнімді таңдаушылар және made in kz лейблді дизайнға әрдайым сенетін біздің шағын команда, яғни бәріміз үлкен жұмыс істедік, — дейді Almaty Pop Up Store ұйымдастырушыларының бірі Мәдина Аман