Министр казиноға миллиондап ақша салған шенеуніктер туралы сұраққа жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр казиноға миллиондап ақша салған шенеуніктер туралы сұраққа жауап берді

Министр казиноға миллиондап ақша салған шенеуніктер туралы сұраққа жауап берді

Министр құмар ойынына бейім шенеуніктер туралы пікір білдірді.

  • 1 Қараша 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа казиноға 500 миллион теңгеден аса ақша салған шенеуніктер туралы сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кулуарында журналистер министрден шенеуніктер ойынханаға жұмсайтындай мұндай соманы қайдан алатыны туралы сұрады.

"Енді, қандай да бір жеке жинақтарын жұмсайды деген сөз. Егер адам лудоман болса (құмар ойындарға патологиялық бейімділік — еск.), демек, ол өз кірісінен, қолда бар қаражаттан қарыз алып, келіп, жұмсайды. Бұл жерде мен қалай пікір білдіремін, бұл тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты емес, бұл құмар ойындарға әуестенген кез келген азаматтарға қатысты", — деп жауап берді министр.


Еске салайық, Алматы облысының прокуратурасы казино мен ойын автоматтары залдарына тексеріс жүргізіп, 305 шенеунік казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын анықтаған еді.