Бағдат Мусин интернеттегі ақаулар туралы пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдат Мусин интернеттегі ақаулар туралы пікір білдірді

Бағдат Мусин интернеттегі ақаулар туралы пікір білдірді

ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазан айының соңында интернет жұмысындағы ақаулар туралы пікір білдірді.

  • 1 Қараша 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«29 қыркүйекте мемлекеттік техникалық қызмет ҚР инфрақұрылымына толассыз шабуылдар тіркелгенін хабарлады. Оның не үшін және қайдан келгенін зерттеп, инфрақұрылымды қорғау деңгейін арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар бойынша кейбір проблемалар туындауы мүмкін. Бірақ мемлекеттік техникалық қызметтің басты міндеті – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету», — деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл тек мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау үшін емес, тұтас инфрақұрылым үшін де жасалады.


«Тіпті белгілі бір медианың сайттарына шабуылдар жасалды, бұл баршаңызға аян. Мұның алдын алу үшін біз ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруіміз керек. Зерттеу жұмыстары осы деңгейді арттыруға бағытталған. Оқыс оқиға болып, кедендік бақылау күшейгенде логистикалық маршруттардың өту жылдамдығы төмендейді ғой, бұл жерде де солай», — дейді министр.