"Иіске тұншығып жүрміз": Алматы облысында тұрғындар қоқыс полигонынан мезі болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иіске тұншығып жүрміз": Алматы облысында тұрғындар қоқыс полигонынан мезі болған

"Иіске тұншығып жүрміз": Алматы облысында тұрғындар қоқыс полигонынан мезі болған

Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылының маңында Алматы қаласының қоқыс полигоны орналасқан.
Тұрғындар күлімсі иіс қолқамызды қауып, мезі болдық, дейді. Өйткені Алматының бар қоқысы ауыл маңына төгіледі. Жалпы биыл Алматы облысы аумағында 351 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • 3 Қараша 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

"Жыл 12 ай мына қоқыстан шыққан иіске тұншығып келеміз. Бір шара қолданса болатын еді. Бара-бара ауру болатын болдық қой", — дейді Әйтей ауылының тұрғыны Аман Өміржанов.

Жыл сайын Алматы қаласының агломерациясында 770 мың тоннаға жуық қалдық шоғырланады, оның ішінде 420 мың тоннаға жуығы Алматы қаласынан келеді.

"Иіс енді сұмдық шығады. Әсіресе желді күндері тыныс алу мүмкін емес. Бұл қоқыс полигонын жойып, елді мекеннен алыс жерден ашса болатын еді", — дейді Әйтей ауылының тағы бір тұрғыны.

Ал қоқыс полигонынан нәпақасын тауып жүрген жандардың пікірі басқа.

"Тәулігіне жүздеген жүк көлігімен қоқыс әкелінеді.Бір күн қоқыс шығарылмаса, бүкіл қаланың күні не болар екен. Ауру болғанның көкесі сонда болады. Бұл жер бұрыннан келе жатқан қоқыс полигоны. Одан да бұл жақтан баспана салуға жер учаскелерін бермеу керек еді", — дейді қоқыс полигонының Ермахан есімді жұмысшысы.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, облыс аумағында 7 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары және қалдықтарды уақытша сақтауға арналған 131 орын бар. Ал "Қазақстан Ғарыш Сапары" белгіленген жерден тыс 14 қоқыс алаңын анықтаған. Жалпы Алматы облысында биыл 351 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды.