Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Йоханнесбург муниципалитетіндегі Крюгесдорп қаласындағы қолданыстағы бірнеше шахтадан алдын ала болжам бойынша заңсыз жұмыс істеп жүрген 21 кеншінің мәйіті табылды.
«Қаза болған кеншілер саны 21-ге жетті. Олар заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Полицияның іздестіру-құтқару тобы тағы екі мәйітті тапты. Олар бейсенбі күні таңертең, басқа мәйіттер табылған жердің жанындағы ашық шахта ұңғысынан шығарылды», — деді полицияның ресми өкілі Бренда Муридили.
Бір күн бұрын полиция Крюгерсдорптағы жұмыс істеп тұрған бірнеше шахтада 19 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.