Желіде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылады деген ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылады деген ақпарат тарады

Желіде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылады деген ақпарат тарады

 

  • 4 Қараша 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық сауда сайттарының бірінде Ақтаудағы жағажайдың бір бөлігі сатылатыны туралы хабарландыру жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауындағы жер учаскесін сату туралы хабарландырудың скриншотын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Сатылады. Саудаласамыз. Вилла, бизнес орталық, жоғары санатты қонақ үй кешенін салғыңыз келе ме? Бізде теңіз жағасында орналасқан тамаша жер телімі бар. Кіруге, шығуға ынғайлы, барлық құжаттары бар. Кез келген уақытта қоңырау шалыңыз, көрсетуге дайынмын", — делінген сайтта жарияланған хабарландыруда.

Ақтау кімдігі бұл жер учаскесі жеке меншік екенін, бірақ сайтта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.


"4А шағынауданында (Карвон мейрамханасының жанында) орналасқан жер учаскесі 2007 жылы жеке тұлғаның атына ресімделген. 2020 жыл 5 шілдедегі сатып алу-сату шартына сәйкес жеке меншік құқығында. Ақтаудың бас жоспарына сәйкес аталған жер учаскесі спорт мекемесінің аумағы ретінде қарастырылған. Бұл аумаққа спорттық-сауықтыру орталығын салу көзделген. Осыған байланысты нысаналы мақсатты өзгерту мүмкін емес", — деп хабарлады әкімдік өкілі.