Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде қар жауады

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде қар жауады

8-10 қараша күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.

  • 7 Қараша 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет ақпаратынша, жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы құбылады. Елдің басым бөлігінде қар жауады, тек оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр күтілуде.

8 қарашада шығыстың жекелеген аудандарында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың тау бөктері мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, солтүстік жартысында бұрқасындатады.

"Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер болжанып отырған жоқ", — деді синоптиктер.


8 қарашада ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Астанада күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -4, күндіз -1 градус суық.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +9, күндіз +5 градус жылы.

Шымкентте де күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +8, күндіз +5 градус жылы.