Ерлі-зайыптылар туыстарымен секс-притон ашқан - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлі-зайыптылар туыстарымен секс-притон ашқан - ІІМ

Ерлі-зайыптылар туыстарымен секс-притон ашқан - ІІМ

Полицияның мәліметінше, ұйымдастырушылар қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға бату әдісін қолданған.

  • 7 Қараша 2022
  • 48
Фото - Caravan.kz

Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.

"Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақ үй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", — деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.

Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісім шарт бойынша қонақүйде тұрып, 50 де 50 бойынша жұмыс істеген.