proctoring.sdu.edu.kz сайтының Moodle платформасында Алматы облысы Қарасай ауданындағы 33 жалпы білім беретін 33 мектептің 11 сыныптар оқушылар олимпиадаға қатысты. Білім бәсекесінде бақ сынаған 133 оқушысы күрделі есептерді шығарып, тест тапсырмаларындағы дұрыс жауаптарды белгіледі.
Оқу орталықтарының басшылары, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары комиссия мүшелері болды.
Олимпиада нәтижесі бойынша:
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Кабиев Бейбарыс І орын;
«Үшқоңыр» орта мектеп-гимназиясынан Әбішева Кәмила ІІ орын;
А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің атынан қатысқан Ақпай Марат ІІІ орын алды.