Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған

Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған

Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған

  • 7 Қараша 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарының 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану дерегі бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеліп жатыр", — деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу, билікті және қызметтік өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.