•Хаматдинова Алина, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры, жеке өсу бағдарламаларының тренері, коуч, Нұр-Сұлтан қ.;
•Наримова Майя, «Отбасылық Академия» ҚҚ сарапшы-жаттықтырушысы, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек» ҚБ басшысы, ЮНИСЕФ ұлттық жаттықтырушысы, Алматы қ.;
•Абдрахманова Зухра, «Отбасы академиясы» ҚҚ сарапшы-тренері, тәжірибеші-психолог, ұлттық жаттықтырушы, ЮНИСЕФ сарапшысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Семей қ.
Қатысушылар мақсат қою, жоспарлау және уақытты тиімді басқару сияқты тақырыптарды талқылайды. Іс-шара Smart Ustaz жобасы аясында өтеді. Жоба мақсаты – онлайн-платформа көмегімен мұғалімдердің кәсіби әрі сабақтас құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту. Платформа білім алуға, қатысушылардың прогресін бақылауға мүмкіндік береді. Платформада оқу материалдары мен тестілер қолжетімді, сондай-ақ вебинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу мүмкіндігі көзделген.
Мұғалімдер мен білім беру саласының барлық қызметкерлеріне Smart Ustaz оқу материалдары тегін ұсынылады. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар платформадағы жеке кабинетте сертификаттаудан өтуі тиіс. Мектептердің бұл жобаға қатысуы «Аралас оқыту» әдістемесін тиімді қолдануға және пандемиядан кейінгі уақытта дамуды аса қажет ететін оқу процесіне икемділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Офлайн-тренингтер Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарында өтеді.