Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылында жаңа Абай облысында екі мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылында жаңа Абай облысында екі мемлекеттік оңалту орталығы ашылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылында жаңа Абай облысында екі мемлекеттік оңалту орталығы ашылды.

2022 жылғы 8 шілдеде Абай облысының орталығында - 0-ден 3 жасқа дейінгі және 3-тен 18 жасқа дейінгі балалар үшін бірден екі «Қамқорлық» оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Салтанатты іс-шараға Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Марғұланұлы Әлкей қатысты.

  • 8 Шiлде 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Енді 1200-ге жуық дамуында бұзылысы және олардың пайда болу қаупі бар балалар жыл сайын «Семей қаласының қалалық перинаталдық орталығы» базасында орналасқан орталықтарда кешенді оңалтудан өте алады. Орталықтар екі қабатта 1500 шаршы метрді алып жатыр және әлемдік брендтердің заманауи медициналық оңалту және диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған.

Сәбилермен де, жасөспірім жастағы балалармен де реабилитолог, невролог, ЕДШ нұсқаушылары, эрготерапевтер, психологтар, логопедтер мен дефектологтардан жасақталған мамандардың мультидисциплинарлық командасы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда орталықтарда облыста тұратын 559 бала көмек алды, оның ішінде 61 бала жүре бастады, 105 бала оңалту курсынан кейін алғаш рет сөйледі. Бұл орталықтардың ерекшелігі, бала туғаннан бастап есейгенге дейінгі оның денсаулығы үнемі бақылауда болады. Бұл мүгедектікті азайтуға ықпал етіп, сәтті оңалтуға кепіл.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша жыл сайын мүгедек балалардың саны орта есеппен 3-4 мыңға артады. Мысалы, елімізде 2022 жылдың 1 қаңтарына 98,2 мың мүгедек бала тіркелген. Бір жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі 94,6 мың бала болса, 2019 жылы 91,6 мың бала тіркелген.


 Орталықтардың негізгі мақсаты — балалардың ерте мүгедектігінің алдын алу және әр баланың өмір сүру сапасын арттыру. Осыған байланысты, Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында 2020 жылдан бастап Қазақстан түкпір-түкпірінде балаларға тұрақты және сапалы оңалту көмегін қолжетімді жасау үшін оңалту орталықтары ашылуда. Жыл соңына дейін жалпы саны 22-ге жетеді.

2023 жылы осындай орталықтар тағы да 13 өңірде ашылады. Бұл ауқымды жобаның серіктестері — ҚР Үкіметі, облыс әкімдіктері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «Samruk-Kazyna Trust» қоры.