Алматы облысындағы жүздеген бала үшін оңалту орталықтары ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы жүздеген бала үшін оңалту орталықтары ашылды

Алматы облысындағы жүздеген бала үшін оңалту орталықтары ашылды

Бүгін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылында нейро-ортопедиялық бұзылысы бар балаларға арналған екі оңалту орталығы салтанатты түрде ашылды. 

  • 30 Шiлде 2022
  • 5
Фото - Caravan.kz

Аймақ үшін маңызды шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Өтепов Мират, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Адиева Альфия және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Рогов Игорь қатысты. 

Инновациялық технологияларды қолданатын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Қамқорлық» оңалту орталықтарының арқасында Қазақстанның барлық өңірінде балаларға сапалы әрі тиімді кешенді оңалту алуға жағдай жасалды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры озық құрал-жабдықтарды жеткізді. Ал жөндеу жұмыстарына облыс әкімдігі қолдау көрсетті. 

Оңалту орталығы мен «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ауылдың көпсалалы ауруханасында орналасқан. Мұнда емдік шараларға, түзету сабақтарына, ойын мен бос уақытты оңалтуға арналған кабинеттер бар.  

Жыл сайын екі орталық дамуында бұзылуы және олардың пайда болу қаупі бар 1200 баланы қабылдайды.  


Бірнеше ай ішінде орталықта балалардың церебралды сал ауруы, бас миы мен орталық жүйке жүйесінің әртүрлі зақымдануы, Даун синдромы және басқа да бұзылуы бар 380-нен астам бала тегін кешенді оңалтудан өтті. Бұдан кейін 24 бала жүре бастады, 133 бала өздігінше жуынуды және тіс тазалауды үйренді, 146 бала ата-анасының көмегінсіз киініп, 58 бала өз бетінше тамақтана алды.  

Балалармен реабилитолог-дәрігер, невролог, ЕДШ нұсқаушысы және т.б. білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық маман үздік оқыту орталықтарында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен. 

Қазақстан бойынша биыл жыл соңына дейін 22 орталық жұмыс істейді. 2023 жылы тағы 13 ерте араласу орталығын ашу жоспарға енген.