Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары есту қабілеті нашар адамдарға арнап веб қосымша әзірлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары есту қабілеті нашар адамдарға арнап веб қосымша әзірлейді

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары есту қабілеті нашар адамдарға арнап веб қосымша әзірлейді

«Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ – заманауи әлемнің басты басымдығы» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің кезекті жеңімпазы – Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғыны «АйРиз-Қамқор» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен таныс болыңыздар.

  • 17 Тамыз 2022
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл коммерциялық емес ұйым есту қабілеті бұзылған жандарға ерекше көңіл бөледі. Саңырау балалар мен олардың ата-аналары, сонымен қатар, сау және есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналары арасында тұлғааралық және күнделікті қарым-қатынаста айтарлықтай алшақтық бар. Міне, осылайша «Тәуелсіз елдің – тәуелсіздік ұрпағы» жобасы пайда болды, оны іске асыруда «Onay Surdo» веб қосымшасы әзірленеді. 

Жоба авторлары платформаның есту қабілеті нашар адамдарға тілдік кедергіні жеңуге көмектесетініне, ал балаларға оқу мен даму жолында таптырмас серіктес болатынына сенімді.

Қосымша интернет бар жерде нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Естуінде ақауы бар адамдар әңгімелесушінің айтқандарын сурдоаударма арқылы көре алады, ал әңгімелесуші аударманы аудиосигнал арқылы түсінеді. Жобаға кәсіби сурдоаудармашылар жұмылдырылады.

— «Onay Surdo» баланы қоршаған ортаға бейімдеуге көмектесіп, қоғамда орнын табуға мүмкіндік береді. Біздің қашықтан сурдоаударма сервисі есту бойынша мүгедектер үшін аз шығынмен қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге, ал саңырауларға барлығымен тең дәрежеде байланысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді
, – деді «АйРиз-Қамқор» КЕҰ төрайымы Ризза Дәуітбаева.

Жобаның қорытындысы жайлы қосымша хабарлаймыз, әзірге авторларға әлеуметтік-маңызды бастамасын іске асыруда табыс тілейміз.