Soka gakkai international вице-президенті хироцугу тэрасаки: «бізге ядроға қарсы бастамаларды ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі қызық» - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Soka gakkai international вице-президенті хироцугу тэрасаки: «бізге ядроға қарсы бастамаларды ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі қызық»

Soka gakkai international вице-президенті хироцугу тэрасаки: «бізге ядроға қарсы бастамаларды ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі қызық»

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұзақ жыл бойы антиядролық бастамаларды, жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шараларды ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізіп келеді.

  • 17 Қыркүйек 2022
  • 3
Фото - Caravan.kz

Қор және әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) әлемнің танымал сарапшыларымен бірлесіп Astana club-тың дәстүрлі алты отырысын өткізді, Қазақстанда және өзге де бірқатар елде конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы Soka Gakkai International (SGI) Вице-президенті Хироцугу Тэрасакимен кездесуінде Қордың және шетелдік серіктестердің осы бағыттағы қазақстандық тәжірибені тарату мәселесі қозғалды.

SGI – әлем бойынша 12 миллион адамның басын қосқан халықаралық зайырлы буддистер қозғалыс. 93 аймақтық SGI ұйымы тіркелген. Ұйым қызметінде конфессияаралық диалогты ынталандырып, бейбітшілікті нығайту және қарусыздану, адам құқықтарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Қор SGI-мен бірлесіп, биыл тамыз айында БҰҰ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк) ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жаһандық ядролық қауіпсіздік саласындағы ең ірі шолу конференциясын ұйымдастырды.

Хироцугу Тэрасаки
 кездесу барысында жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын нығайтуға бағытталған Қазақстанның, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалайтынын атады: «Ядролық полигонды жабу, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен басталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің халықаралық деңгейдегі сөз сөйлеуі – біздің ортақ құндылықтарымызды ілгерілету ісінде өте құнды».

— Бізге антиядролық шараларды таратудың қазақстандық тәжірибесі қызық және осы бағыттағы серіктестікті жалғастыруға ниеттіміз, — деді SGI Вице-президенті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшылардың қатысуымен Еуропада конференция өткізуге уағдаласты.