"Дәмхана иесін емес, даяшыны": Заңгер даяшы баланы бөлімшеге сүйреген полицияның әрекетін қатаң айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәмхана иесін емес, даяшыны": Заңгер даяшы баланы бөлімшеге сүйреген полицияның әрекетін қатаң айыптады

"Дәмхана иесін емес, даяшыны": Заңгер даяшы баланы бөлімшеге сүйреген полицияның әрекетін қатаң айыптады

Заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттегі полиция қызметкерлерін қатаң сынға алды.

  • 11 Қараша 2022
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әділетті Қазақстанда форма кигендер әділетті жұмыс істеу керек!
Шымкент қаласында Шохан кафесінде болған оқиға! Кафе тұрғын үйдің астында орналасқан соң, “түнгі уақытта музыканы қатты қойды”, деп бір тұрғын полицияға арыз түсірген.
Полиция заң бойынша кафе иесіне әкімшілік құқықбұзушылық “түнгі уақытта азаматтардың тыныштыңын бұзғаны” бойынша хаттама толтыру керек!

Ал біздің Әділетті Қазақстанның полиция қызметкерлері даяшы балаға үстіңнен арыз түсті, опорный пункке жүр деп сүйреп алып кетпекші болған. Даяшы жігіт мен жауап бермеймін, администратор келсін, кафені тастап кете алмаймын дегеніне қарамай сүйрелеген. Ең сорақысы даяшы жігітке “бағынбаушылық” (яғни форма кигендерге бағынбағаны үшін )бойынша хаттама толтырған!
Бұл істе Шымкент Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлерінің шедевірі!
Мөлдір қыздың да үстінен осы аудан қызметкердері хаттама толтырып, істі сотқа өткізді!
Бүкіл Қазақстанның БАҚ өкілдерін, заңгерлерді Мөлдірдің сотына шақырамын!

Әділетті Қазақстан, еш қудалаусыз әділетті құрылу керек", — деп жазды Айгүл Орынбек.