Алматы базарындағы өрт сөндірілді - жалын қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы базарындағы өрт сөндірілді - жалын қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды

Алматы базарындағы өрт сөндірілді - жалын қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды


Алматыдағы ірі базарлардың бірі - Ялянда болған өрт сөндірілді. Тілсіз жау қойманың 1500 шаршы метрін шарпыды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

  • 11 Қараша 2022
  • 48
Фото - Caravan.kz

Оқиға 10:56-да Жетісу ауданы, солтүстік айналым, 7Б мекенжайында болды. Өрт 12:23-те оқшауланып, 12:43-те жойылған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. Базарға ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 2,5 шақырымда болған.

"Өрттің аумағы — 1500 шаршы метр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-нің 86 қызмекері мен 25 техника жұмылдырылды", — деп мәлімдеді министрлік.

Алматы қаласының құтқару қызметі, СОБР, "Алматы Су", "Алматы тазалық", жедел жәрдем қызметі, медициналық апаттар орталығының қызметкерлері жұмылдырылған.