Бапкер Бентлимен айқаста Әлімханұлы қандай қателік жасағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бапкер Бентлимен айқаста Әлімханұлы қандай қателік жасағанын айтты

Бапкер Бентлимен айқаста Әлімханұлы қандай қателік жасағанын айтты

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) бапкері Джеймс "Бадди" Макгирт қазақстандық боксшының Дензел Бентлиге (17-2-1, 14 КО) қарсы кездесуде қандай қателік жасағанын айтты.

  • 13 Қараша 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің ойымша, Жәнібек орта салмақтағы ең мықты боксшы. Иә, бүгін Бентли мықты болды. Оны мойындау керек. Мен ол туралы жекпе-жек алдында Жәнібекке айтқан болатынмын. Ол үнемі мұқият болып, қысым жасау керек еді. Жалпы жоспар орындалды. Бірақ кейде Әлімханұлы қарсыласқа көп соққы жасауға мүмкіндік беріп қойды. Дегенмен мұның өзі оған үлкен тәжірибе болады. Егер ол нокаутпен жеңсе, біз дәл осындай тәжірибе жинай алмайтын едік. Жалпы, Жәнібектің көрсеткен өнеріне ризамын", — деді Макгирт кездесуден кейін. 

Еске салайық, Әлімханұлы мен Бентли арасындағы айқас Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша Әлімханұлы  116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіске жетті.