Мәдина Қожабалуан: "Елбасы медалі" жобасы маған қатты әсер етті" - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдина Қожабалуан: "Елбасы медалі" жобасы маған қатты әсер етті"

Мәдина Қожабалуан: "Елбасы медалі" жобасы маған қатты әсер етті"

Жан-жақты даму мен үздік білім алуға мүмкіндік берген «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары қай кезде де белсенді. 

  • 11 Қараша 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Атырау қаласындағы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегері Мәдина Қожабалуан жобаның қатты әсер еткенін айтады. 

— Менің өмірім жобаға дейін және одан кейін екіге бөлінді деп айтуға болады. Күткенімнен де асып түсті! «Елбасы медалінің» арқасында көп өзгердім. Жобаның 7 бағыты маған оқу мен шығармашылықты үйлестіруді үйретті, еріктілікке жол ашты. Өмірім жақсы жаққа өзгерді. Әлем туралы көбірек біліп, түсіне бастадым, — дейді Мәдина.


Мәдина енді әрдайым мұқтаж жандарға көмектесіп, елдің дамуына үлес қосып, университетке оқуға түспек. 

Мәдинаға зор денсаулық пен арманының орындалуын тілейміз!

«Елбасы медалі» жобасы туралы толығырақ 8 800 080 48 48 нөмірінен немесе fnn.kz сайтынан білуге болады.