Бұл туралы жазушы, журналист Қорғасбек «Қасқа жол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
"Алтынбектің өліміне қатысты біздің қолымызда заң орындарының тергеу тексеруінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ ол тікелей жүйенің құрбаны дегенге келіскім келмейді. Бірақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін. Солардың қолынан болған қаза шығар деп ойлаймын. Ал Бейбіт Сапарәлі бұл халықаралық күштердің массондардың қолынан қаза болды деген әңгіме айтқан екен. Ол асығыстау айтылып кеткен пікір деп ойлаймын. Қазір біздің қолымызда мына адам деп ұстап беруге ешқандай дәлел жоқ.»,- деді Жүсіпбек Қорғасбек.
Сондай-ақ белгілі журналист, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған емес дегенді айтты.
"Мен білетін Алтынбек Сәрсенбай еш уақытта оппозиционер болған жоқ. Ол оппозицияның адамы емес. Ол мемлекетшіл адам. Ол мемлекетке қызмет етті. Мемлекеттік қызметте жүріп те мелекете қызмет етті, мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де қызмет етті. Сендер қашан көрдіңдер Алтынбек Сәрсенбайұлының көшеге шығып айғайлап тұрғанын. Мысалы, белгілі бір топтың алдында айғайлап жүргенін. Көрген жоқсыңдар ғой. Мен де көрген жоқпын. Ол өзі қызметтен кеткеннен кейін жаңағы оппозициялық күштерді мемлекеттік жүйге, сол жүйеде қызмет етіп жатқан адамдарға ықпал ету үшін пайдаланды. Оның өзі мемлекеттік қызметте жүрген кезде мойнына артып алған жауапкершіліктері бар, ол министр болды, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Сол жауапкершіліктен шыға алған жоқ. Тіпті қазасына да сол ықпал етті. Әрине, белгілі бір адамдармен жеке дұшпандығы да болды мемлекеттік қызметтегі. Сонымен бірге жүйені ауыстыру керек деген мәселені көшеге шығып емес, іштей ауыстыру керек дегенді қозғады. Және сондай жүйені өздерінің қолымен ауыстырғысы келді. ",- деді Жүсіпбек Қорғасбек.