Оралдағы қонақүйлердің бірінен ер адам өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы қонақүйлердің бірінен ер адам өлі табылды

Оралдағы қонақүйлердің бірінен ер адам өлі табылды

Батыс Қазақстан облысында ауыр қылмыс тіркелді. 

  • 17 Қараша 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Оралдағы қонақүйден ер адам өлі табылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

16 қарашада сағат таңғы 8:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адам өлі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.

"Бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жылғы әйел болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу амалдары басталды", — делінген хабарламада.

Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданады.


"ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, адам өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады", — делінген хабарламада.

Перейти к новостям спорта