Қарағандылық қазақ жігіті әйгілі әнші Рианнаның редакторы болған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық қазақ жігіті әйгілі әнші Рианнаның редакторы болған

Қарағандылық қазақ жігіті әйгілі әнші Рианнаның редакторы болған

Қарағандылық монтаждау редакторы және саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев R&B және поп-музыка орындаушысы Рианна үшін промороликтермен жұмыс істеді. Оның жұмыс нәтижесі тапсырыс беруші BRTHR студиясына ғана емес, әншінің өзіне де ұнады.

  • 28 Қараша 2022
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қарағанды облыс әкімінің аппараты өз ресми сайтына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Әділхан Дүйсембаев бұл салаға жаңа келген маман емес. Ол 10 жылдан бері фото және видео түсірумен, сондай-ақ монтаждаумен айналысады. Snipes және Levi’s сияқты танымал брендтермен жұмыс істеген. Биыл қазақстандық брейкдансер Николай Черников туралы деректі фильм түсірді.

Рианнаға арналған бейнелерді монтаждау тапсырысы Әділханға шоу-бизнес жұлдыздарымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан BRTHR студиясынан келді.
"Мен Savage x Fenty Show үшін промороликтермен жұмыс істедім – бұл Рианна брендінің жыл сайынғы сән көрсетілімі туралы арнайы американдық телевизиялық шығарылым. BRTHR студиясының режиссерінен тапсырма алдым және іс-әрекеттіме олар толық еркіндік берді. Таңертеңнен кешке дейін екі апта бойы жұмысты уақытында аяқтау үшін үйден шықпай еңбек еттім. Бұл Рианнаға арналған екінші бейнеролик. Сондай-ақ, мен осы жобаға арналған жарнамалық роликті монтаждадым. Оның қалай шыққанын менің @urbanfocus93 Instagram-парақшамнан көруге болады", – дейді Әділхан.


Жас жігіттің мамандандырылған білімі жоқ. Оның айтуынша, ол алдымен фотоға, содан кейін бейне түсіруге қызығушылық танытқан. Басқалардың не істеп жатқанын көп қарап, осы саладағы әуесқойлармен және мамандармен сөйлескен. Американдық рэпер ScHoolboy Q-дің Мәскеудегі концертінің түсірілімі оның кәсіби өміріндегі бетбұрыс болды.
"Бұл екі жыл бұрын болған. ScHoolboy Q – менің кумирім. Мен оның концертіне билет сатып алдым және аккредиттелмеген болсам да, түсіруге бардым. Ұйымдастырушылардың бірі Қарағандыдан келді, Ол мені ScHoolboy Q-мен таныстырды. Музыкант мұны көргенде, мені өзінің сторизіне қосты, онда бізді оның 5 миллионға жуық жанкүйерлері көрді. Содан кейін мен концертте түсірген бейнеролигімді Instagram-да жарияладым. Ол 15 мыңға жуық қаралым жинады. Менің ойымша, олар мені сол кезде байқады. Қазір интернеттің көмегімен бүкіл әлемге мәлімдеме жасауға мүмкіндік бар. Тек өз ісіңе сеніп, оны сүю керек", – деп есептейді Әділхан.
Рианна үшін роликтермен жұмыс істегеннен кейін қарағандылыққа көптеген жаңа ұсыныстар түсті. Ол жайлы Әділхан әзірге бөліскісі келмейтінін айтады.