Шымкентке әкім ретінде қайтадан Әйтеновты қалдыратын болсаңдар,Әділетті Қазақстан деген ертегілеріңді айтпай-ақ қойыңыздар - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентке әкім ретінде қайтадан Әйтеновты қалдыратын болсаңдар,Әділетті Қазақстан деген ертегілеріңді айтпай-ақ қойыңыздар - Айгүл Орынбек

Шымкентке әкім ретінде қайтадан Әйтеновты қалдыратын болсаңдар,Әділетті Қазақстан деген ертегілеріңді айтпай-ақ қойыңыздар - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ұсынысын айтты.

  • 29 Қараша 2022
  • 830
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Құрметті Президент!

Ауыл аймақты дамытатын негізі әкімдер!

Енді сол әкімдердің сайлануы мен тағайындалуы дұрыс жолға қойылу керек!

АП -дан әкімдікке звондап бір адам альтернатива ретінде дайындап , екінші адамды жоғарыдан алып келіп , мәслихат депутаттарына бас шұлғытып сайлатуды доғару керек!

Құрметті Президент! Сізге “әкімдердің сайлауы әділ өтіп жатыр”, деп есеп беріліп жатқан болу керек.

Бірақ ауыл аймақта да, мәслихат дауыс беріп сайланатын әкімдер де әділ сайланып жатқан жоқ!

Менің ұсынысым:

Ауыл аймаққа, қалаға сайланатын, тағайындалатын әкімдердің тізімі алдын ала халық алдына шығырылсын, ел білсін кімдердің додаға түсейін деп жатқанын!

Әділетті ашық қоғамда бәрі ашық болсын!


Жоғарыға ұнаған адамды емес, жергілікті халыққа ұнаған әкімді таңдауға мүмкіншілік беру керек!

Ертең қол көтеріп дауыс берген депутаттар өздерінің таңдауы үшін халық алдында жауап беру керек!

Жоғарыдан өздеріне ұнаған адамды, жергілікті жерден жұмысы көрінбейтін әлсіз адамды әкеліп қарсылас қылып әкім тағайындап кету ол ескі жүйенің қалдығы!

Ауыл аймақ даму үшін жергілікті тұрғындардың үніне құлақ асатын әкім керек!

Ал Шымкентке әкім ретінде қайтадан Әйтеновты қалдыратын болсаңдар, Әділетті Қазақстан деген ертегілеріңді бұл жердің халқына айтпай -ақ қойыңыздар!

Шымкент Әйтеновтен шаршады!", — деп жазды Айгүл Орынбек.