Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылып, көлік қозғалысы шектелді.

  • 29 Қараша 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында "Қызылорда-Павлодар" тасжолында, "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара" тасжолында (Ботақара ауылынпн Павлодар облысының шекарасына дейін), "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді.

Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.


Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салынды.