Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың жары дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың жары дүниеден өтті

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың жары дүниеден өтті

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың жары Бәшен Баймұратқызы өмірден өтті.

  • 30 Қараша 2022
  • 411
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы жазушының қызы Самал Соқпақбаеваның Facebook-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін түнде анам өмірден өтті…", — деп жазды Самал Соқпақбаева.

Айта өтейік, Бәшен Баймұратқызы  Бердібек Соқпақбаевтың алғашқы жары. Бәшен Баймұратқызы жазушының «Қайдасың, ГауҺар?» атты повесіне арқау болыпты. Бұл туралы Бәшен Баймұратқызы естелігінде "Бердібек менімен ажырасып, басын тауға да, тасқа да ұрып жүргенде осы шығармасын жазды. Бір күні кітапханаға барсам, Бердібектің «Қайдасың, Гауһар?» деген кітабы сатылып жатыр екен. Басында кітап мен туралы екенін білген жоқпын. Зейін қойып оқып шықсам, басымыздан өткен оқиғалардың барлығы, тұрған үйіміздің мекен-жайына дейін сол қалпында беріліпті", — деп жазған.