Сәкен Майғазиев осыған қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"1992 жылы арманымды арқалап Алматыға келген кезімде руымыз бір туысқан, жерлес Марат Омаров ағамның қасында болдым. Динарамен жүріп жүрген кезімізде Марат ағамның анасы Сұлухан әжеммен таныстыруға үйге апардым. Сұлухан әжем: "Мынауың иіліп тұрған керемет қыз екен, осыған үйлен", деп ақылын айтатын. Сұлухан әжеміздің қолына су құйдық, батасын алдық. Заринаның әкесі Марат Омаров ағамның да, Заринаның анасы Шаттық жеңгемнің де шарапатын көрдік. Зарина Динара екеуміздің көз алдымызда өсті. Ол кезде Зарина оқушы. Мектепке жетектеп апаратынмын. Бақилық болған әжесі мен алыста жүрген ата-анасын сағынып, жаурап жүрген Зарина қарындасымның қолын жылытуға хақым бар", — деді Сәкен Майғазиев.