Психологиялық тест: Ақшамен доссыз ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психологиялық тест: Ақшамен доссыз ба?

Психологиялық тест: Ақшамен доссыз ба?

Адамның өзін тануына көмектесетін түрлі психологиялық тесттер бар. 

  • 7 Желтоқсан 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы бір нұсқасын назарларыңызға ұсынады. 

Орманда келе жатып жерде жатқан таяқты көрдіңіз. Ендігі сіздің әрекетіңіз қандай болады?

Егер таяқты көтерген болсаңыз аяқ асты орын алған жайттарды, өмірдің тосын сыйларын өз пайдаңызға жарата алатын қабілетке иесіз. 

Әрі қарай жол жүріп бара жатырсыз… Кенет жерде жатқан кілтті көзіңіз шалды. Не істейсіз?

Кілт мүмкіндіктердің ассоциациясы болатын. Біреулер пайдаланса, біреулер маңынан жай ғана өте береді. Егер, сұраққа жауабыңыз "мән бермей өте беру" болса, онда күнделікті қандай мүмкіндіктерді құр жіберіп жүрсіз? Осы жайын асықпай ойланыңыз!

Жолдасыз. Келе жатып, балықтары бар су айдынын кезіктірдіңіз. Не істер едіңіз?


Бұл сіздің ақшаға деген қарым-қатынасыңызды анықтайтын сұрақ.

Бұл сұраққа қатысты бай адамдар әдетте "Шомыламын. Балықты ұстап алуға тырысамын. Қолымды не аяғымды салып жағада демалып отырамын" деген сынды жауап береді. 

Ал, егер "Ондағы балықтар қауіпті болуы мүмкін. Әйтеуір бір қатер төніп қалуы мүмкін" деген ойыңыз болған болса, сәйкесінше, бейсаналы түрде ақшаға деген қорқыныштарыңыз бар деген сөз.