"Еркекке құмар еркектермен жұмыс істедім": Имам психолог ретінде бір жыныстыларды құтқарғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркекке құмар еркектермен жұмыс істедім": Имам психолог ретінде бір жыныстыларды құтқарғанын айтты

"Еркекке құмар еркектермен жұмыс істедім": Имам психолог ретінде бір жыныстыларды құтқарғанын айтты

Имам Нұрлан Байжігітұлы біржынысты жұпты емдегенін айтты. 

  • 7 Желтоқсан 2022
  • 276
Фото - Caravan.kz

Елімізде біржынысты жұпты емдеуге қандай үлес қосқанын имам Нұрлан Байжігітұлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

Сұхбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі біржынысты жұптар жайлы талқыланды. 

— Еркекті кім тәрбиелеп жүр деген сұраққа:

— Дәстүр мен дін, дейді имам. Қаймағы бұзылмаған дәстүр мен дінге бекем болып, сол бағытта жүру керек. Қара басын алып жүріп, ата-анаға, ағайын, бауырларына салмақ салмаса ер жігіт үшін өте дұрыс бағыт. 

Біздің елемізде де бір жыныстылар да көбейіп кеткен. 3-4 бір жынысты жігітпен жолықтым. Оның екеуін емдеп, отбасына қайта оралды.

Имамдардың бәрі харам, кәпірсің деп мешіттен қуып шыққан жігітті емдедім. Ол бәрінің харам екенін түсініп тұрмын, бірақ қалай осыдан арыламын деген. Оған имамдар жындысың деп айтқан. Ішімдегіні не істейін, қалай емдеймін деп келді маған. Олардың бір-ақ сөзі ішіңде жын бар сенің деп айтады дейді. Онымен жұмыс жасау алты айға созылды. Бала күнінен қазбалап, барлығын ақтардық. 

Бір ана жылап келді. Соған ұқсас жағдай. Ана 44 жасар ұлына "немере сүйгім келеді" десе, баласы
"Мама, ренжіме. Мен еркекпен тұрамын"
деп айтқан. 

Сол сияқты, 3 баласы бар келіншек жағдайын айтып имамға барған. "Күйеуімнің суығанын сездім. Артынан аңдыдым. Ұстадым. Үйіне бұзып кірдім. Жалаңаш бір еркекпен жүр. Үсітен түстім деді. Енді ажырасайын ба, ажыраспаймын ба деген мәселе тұр. Ажыраспайын десем, жиіркенем дейді. Әйелдің соңғы сөзі, нүктесі мынау болды. Еркекпен ұстап алғанша, әйелмен ұстап алғаным жақсырақ болар еді, деп қатты қынжылған келіншектің де жағдайын айтты. Бірақ, имам олардың ары қарайғы өмірінің қалай болғанын отбасылық мәселе деп айтпай, құпия күйінде қалдырды. 

Имам Нұрлан Байжігітұлы бір жыныстыға қалай қол үшін бергенін былай деп баяндады: 

— Рухани сенімін көтеріп, құлшылықтың дәмін сездірдім. Алланың жақсы көретінін сездірдім. Сен тозаққа түспейсің. Сенің дәрежең менен де жоғары болуы мүмкін деп, Алланың кешірімді екенін, алланың махаббатын сездірдім. Адамды жаман дей беруге болмайды, деді имам.