Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды

Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды

 

  • 8 Желтоқсан 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды  Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынған болатын. Сенаторлар Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын мақұлдады. Ол ант қабылдады.

Жақып Асанов 1963 жылы Қызылорда қаласында туылған. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығын тәмамдаған, сосын Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына машықтанушы (стажер) болып еңбек өтілін бастаған. Жарты жылдан кейін Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі болып тағайындалады.

Жақып Асанов 2017 жылы желтоқсанда Жоғарғы Сот төрағасы болып
тағайындалған
еді.