Қасым-Жомарт Тоқаевтің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай белгілі журналист Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады.
Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті.
Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс", деп жазды Руслан Желдібай.
Еске салсақ, Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.