8 жасар оқушы ұстазын боқтап, мектепте шу шығарған: Психолог дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 жасар оқушы ұстазын боқтап, мектепте шу шығарған: Психолог дабыл қақты

8 жасар оқушы ұстазын боқтап, мектепте шу шығарған: Психолог дабыл қақты

Алматыдағы жеке меншік мектептердің бірінде 2-сынып оқушысы мұғалімінің бетіне дәптер лақтырып, боқтап, дөрекі мінез көрсеткен. Қазіргі таңда мұндай жайттар жиі орын алатын көрінеді. 

  • 19 Желтоқсан 2022
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне белгілі психолог Ермек Нұрымов айтып берді. Маман "дереу бала тәрбиесін қолға алып, көңіл бөлмесек, санасыз  ұрпақ қалыптасып келе жатыр" деп дабыл қағып отыр. Осыған орай, ата-аналарға бала тәрбиесіне кері әсер ететін факторлар туралы ақпаратымен бөлісті. 

"Бұл жағдайға мені психолог ретінде көмекке шақырды. 8 жасар бала мұғалімін "шешесінен" боқтаған. Одан да әрі өткен боқауыз сөздер айтқан. Отырған партасын итеріп жіберіп агрессия көрсеткен. 2-3 апта сайын осы мінезін қайталайтын оқушысынан әбден мезі болған мұғалімнің тіпті, жұмыстан кетуге ниеті бар. Ақылы мектеп болғаннан кейін мұғалім балаларға қатты ұрса да алмайды. Баламен сөйлесе келе, оған невропотологтың көмегі керек деп тұжырымдап отырмын. Ата-анасымен сөйлесе келе немқұрайлықты байқадым. Баланың білім деңгейі маңызды емес екендігін айтып, мектепке келіп-кеткенін місе тұтып отыр. Балаға көңіл бөлінбейді. Бұл — көп ата-аналардың жіберетін қателігі. Мектептен үйіне келгенде көптеген балалардың қолынан гаджет түспейді", — дейді психолог.

Сондай-ақ, психолог бәрін мектепке ысыра салып, құр қарап отырмау керектігін айтады.


"Мектеп — білім береді. Білім мен тәрбиенің орнын шатастырып алмау керек", — дейді Ермек Нұрымов.