Аргентиналықтар ұлттық команданың жеңісін тойлай алады.
Ұлттық құраманың футболшылары сейсенбі күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша Буэнос-Айресте ашық автобуспен жүреді деп күтілуде.
Аргентина президенті Альберто Фернандес қауіпсіздік мақсатында футболшыларды өзінің ресми резиденциясында қарсы алмайтындығы атап өтілді.
Естеріңізге салсақ, 2022 жылғы Әлем кубогының финалында Аргентина құрамасы Францияны жеңді.