"Пәтерге кіргізіп, білгенін істер еді": Тегін макияж жасатуға барған қыздар оқиғасымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Пәтерге кіргізіп, білгенін істер еді": Тегін макияж жасатуға барған қыздар оқиғасымен бөлісті

"Пәтерге кіргізіп, білгенін істер еді": Тегін макияж жасатуға барған қыздар оқиғасымен бөлісті

Модель ретінде тегін макияж жасатуға барған қыздар сән салонының орнына жалдамалы пәтерге тап болған.

  • 20 Желтоқсан 2022
  • 3004
Фото - Caravan.kz

 Аяулым Дүкенбай есімді желі қолданушысы алаяқтардың құрығына қалай түсіп қала жаздағаны туралы ТикТок-та айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Модель болуға жазылып қойғанымды құрбыма айттым. Ол да сол уақытта бос екенін айтып, "Макияжыңмен фотоға түсірейін" деп менімен ілесіп баратын болды. Бірге барғаннан кейін құрбым байқап қалып маған: "Бұл ешқандай салон емес. Сағатына жалға берілетін пәтерлерлердің ауданы. Бірдеңе дұрыс емес. Күмәнді" деп айтты. Мен құрбымның сөзіне мән бермей, әлгі кісіге хабарластым. Өйткені, мекенжайды толық бермеген еді. Қай "дом" екенін сұрайын дедім. Бірақ, телефонын алмады. Сөйтсем, мені қара тізімге тығып тастапты. Содан құрбым "Сен ақымақсың! Бізді терезеден көріп тұр ғой. Егер жалғыз келген болсаң, сені пәтерге кіргізіп алып, білгенін істер еді. Екеу болып келгендіктен ол қорқып тұр" деді. Міне қыздар, абай болыңыздар! Баратын жерлеріңізді тексеріп алыңыздар", — дейді ол.

Видеоны тамашалағандар "Сені Құдай сақтаған", "Макияжға модельді үйге шақырмайды ғой", "Зорлап тастайтын еді", "Маняк болып денеңді бөлшектеп тастаса қайтер едің" деп жазуда.