Ажар Ғиният Қазақстанда таралып жатқан вирустар туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ажар Ғиният Қазақстанда таралып жатқан вирустар туралы айтып берді

Ажар Ғиният Қазақстанда таралып жатқан вирустар туралы айтып берді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда тұмауды емдеу неге ұзаққа созылғанын түсіндірді.

  • 21 Желтоқсан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте министр елімізде қауіпті вирус тарап жатқанын жеткізді.

"Қазір Қазақстанда коронавирустың «Омикрон» штамы бар. Оның бірнеше түрі тіркелді. Вирус өзгеріп, қоғамда өмір сүруін жалғастыруда. Бүгінде елімізде COVID-19-дың «Цербер» штамы да бар. Тұмаудың 3 түрі де, шошқа тұмауы да, аденовирус та тіркелді. Біз инфекциялардың бір-біріне қосылып жатқанын көріп отырмыз. Суперинфекция – вирустар бір-біріне қосылуда. Осылайша, инфекциялар ауруды асқындырып жатыр", — деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Ажар Ғиният биыл өзі қазанда тұмау мен коронавирусқа қарсы екпе алғанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарға бір-бірімен кездескенде, ұшаққа отырғанда маска тағып жүруі керектігін жеткізді.