Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Әлихан Смайылов өзіне сенімсіз барлық министрден қызметінен кетуді сұрайтынын айтты. Сіз қалай ойлайсыз, жаңа жылдан бастап министрлік қызметке кірісуге дайынсыз ба?" деп сұрады Сенатта журналистер шенеуніктен.
"Әрине, дайынмын. Менде басқа таңдау жоқ", — деп жауап берді ол.
Еске салайық, премьер-министр Әлихан Смайылов өз мүмкіндіктеріне сенбейтін министрлерге орнын босатып беруді ұсынған болатын.