"Көшіре салмай өзгертіп, кішкене еңбектенуге болады ғой": Әбдіжаппар Әлқожа тағы да сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көшіре салмай өзгертіп, кішкене еңбектенуге болады ғой": Әбдіжаппар Әлқожа тағы да сынға қалды

"Көшіре салмай өзгертіп, кішкене еңбектенуге болады ғой": Әбдіжаппар Әлқожа тағы да сынға қалды

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әнін кімнен алғандығы желіде сөз болып жатыр. Әншінің өзі әннің қырғыздардікі екенін айтқанымен, халықтың нұсқасы мүлде басқа.

  • 23 Желтоқсан 2022
  • 574
Фото - Caravan.kz

Айта өтейік, бұл оның "ән ұрлады" деп бірінші рет сөзге қалуы емес, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Әнші жаңа шыққан "Керексің" әнінің авторы қырғыз азаматы Нұрлан Нәсіп деп көрсеткен. Алайда, желідегі жұрт "Қырғыз да, қазақ та емес. Ол Игорь Николаевтың 20 жыл бұрын шыққан "Пять причин" атты әні" дейді.

Сондай-ақ, "Көшіре салмай өзгертіп, кішкене еңбектенуге болады ғой" деген сынды пікірлер жазуда.

Еске салайық, Әбдіжаппар Әлқожаның "Ұрланған ән" атты әні бар. Әннің "Кінәлай алмайды мені ешкім. Шетелден ән алған мен ғана емеспін… Осыдан кейін ән ұрламаймын", деген жолдары бар еді.