Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қалай жәннаттық болам деген мақсатта өмір сүретін болсақ Алла тағала до мелочей сынайды. ҰБТ сияқты. ҰБТ-да қандай сұрақ келетінін білмейсің, болмайтын сұрақтар болып жатады немесе ең қиын сұрақ болып жатады. Дәл сол сияқты бұл өмір сынақ. Білмейсің қай жақтан қандай сұрақтар келіп қалатынын. Қай жерден сыналып қалатынын да білмейсің. Сол кезде адамдар таң қалып "мен мына нәрсені күтпедім ғой" деп қалады. Сол кезде "Алла тағала маған қандай сабақ беріп тұр. Мына адамдар арқылы не түсінуім керек" деп ойлау керек. Сол кезде барлық шешім табылады", — деді Индира Расылхан.