Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс барысында жоғары табысқа қол жеткізген қазақ тілі пәнінің оқытушылары жоғары жалақы алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс барысында жоғары табысқа қол жеткізген қазақ тілі пәнінің оқытушылары жоғары жалақы алатын болды

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс барысында жоғары табысқа қол жеткізген қазақ тілі пәнінің оқытушылары жоғары жалақы алатын болды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров арнайы шешім қабылдап, аудан әкімдеріне "кәсіби байқауларда жеңімпаз атанған, жұмыс барысында шығармашылық елеулі табыстарға қол жеткізген" қазақ тілі пәнінен дәріс беретін оқытушылардың лауазымдық жалақысына 50 проценттік үстеме қосуды міндеттеді. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің төрағасы өзінің аймақ халқына арнаған мәлімдемесіне атап көрсетті.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Әкімнің пікірінше, мемлекеттік тілді дамыту мен оның нақты жұмыс істей бастауы айрықша маңызды мақсаттардың бірі болмақ. Алайда, кәсіби мамандардың тапшылығы басты қолбайлау себепке айналып отыр. Т.Мансұров жариялаған мәліметке сәйкес, облыстағы барлық 1390 оқытушының 832-сі ғана арнайы педагогикалық мамандық игерген.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл ретте кәсіби мамандарды ынталандыру тетіктерін табу — жергілікті билік өкілдерінің міндеті деп санайды. Әкім осындай мақсатқа аудан қаржысы жетіспеген жағдайда облыстық бюджеттің «көмекке келетінін» атап көрсетті.