3 қаңтарда сағат 20.30-да Бартоғай су қоймасы тарапынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық көлік табылды. Адамдардың саны анықталады, зардап шеккендер жоқ. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Жеті адамнан тұратын отбасы сол жерде болды. Көпшілігінде жанармай жетіспеді. Қазіргі уақытта құтқарушылардың автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналармен колоннаға эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық жедел-құтқару жасағының екінші тобы Түрген-Батан-Обсерватория жолымен шығады”, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда таңғы сағат 8.00-де Еңбекшіқазақ ауданында, Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында төрт ер адам, екі әйел және бала жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Олар 2 қаңтарда екі жеңіл автокөлікпен Алматыдан Ассы үстіртіне қарай аттанды.
"Жоғалған адамдарды іздеу үшін ТЖ департаментінің, республикалық жедел-құтқару жасағының күштерінің жоғары өтімді техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті мен еріктілер қосылды. Дрон қолданылды. Сонымен қатар, сағат 15.00-де әуе кемесін тарту жоспарланды, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесін тарту мүмкін болмады”, – делінген ведомоствосында.