Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Бұрын отағасы өмірден өтсе, жұбайы бір жыл бойы аза тұтып, ешқайда бармайтын. Ешқайда шықпайтын еді. Сіздің жарнама түсіріп кеткеніңіз біртүрлі көрінеді екен", — деп жазды желі қолданушысы.
Ал Ләйлә Сұлтанқызы ешкімге ақталмайтынын жеткізді.
"Ертең — жұмыс күні. Еңбектену керек. Осы күндері бірнеше жарнама түсіріп едік, арасында түсінбей жатқан жандар бар екен. Бірақ ешкімге ақталып, өкпелеп, ренжігім келмейді. Менің ойым, жай-күйім, ниетім тек бір Құдайға ғана аян", — деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.