Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды

Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды

Продюсер Баян Алагөзованың әкесі Мақсат Мұхитденов қайтыс болды.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 3404
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "КешYou" тобының директоры Назым Басқынбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Асыл ер, абыройлы азамат, аяулы жар, ардақты әке, қазақ мәдениеті мен руханиятының жанашыры Мақсат Зайлағиұлы МҰХИТДЕНОВ өмірден озды. Қашан да жүзі жылы, сабырлы, ақылы мен тәжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар нұсқауға дайын, зиялылықтың символындай болған керемет жан еді… Қабырғамызды қайыстырған қаралы хабар оның айрандай ұйып отырған отбасына ауыр соққы болып тиді.

Аса қадірлі Гүлжамал Айдарқызына, Бәтес, Баян және Бағым ханымдарға, олардың өмірлік жарлары Марат, Тұрсынғали, Әділжан мырзаларға, немерелері Айдар, Ақбота, Айсәуле, Айару, Арланға, шөберелеріне қайғырып, көңіл айтамыз. Мақсат ағамыздың иманы саламат болып, жаны жаннаттан жай тапсын", — деп жазды Назым Басқынбаева.