Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін белгілі болды

Шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін белгілі болды

Шетелдік көліктерді заңдастыру қаңтардың 23-і күні басталады.  Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

  • 12 Қаңтар 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифнгте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алдымен азаматтар көлікті заңдастыру туралы өтінішті egov.kz порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ларға барып бере алады. 

Арнайы ХҚКО-ларға барған көлік иелерінен 4 құжат талап теілді. Олар:


— заңдастыру туралы өтініш;

— өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

— көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

— көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Еске сала кетейік,  2022 жылдың 1-қыркүйегіне деін әкелінген шетелдік  көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталады.